МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ДА ЖҰМЫЛДЫ

Биыл Қызылжар өңірінің , әсіресе, күнгейіндегі аудандарының талай тұсы теңіз тәрізді: қалың жауған қардың суы тас жолдарға тіреліп тұр. Лап қойған мұздай суға алдымен Тайынша ауданы тап болған еді: Донецкое ауылы түгелдей суда қалды, одан кейін – Келлеровка ауылында  26 үйді су басқан, тағы  40-тан астам үйдің аулалары суға толып тұр. Мұндайда дүние-мүлкі жарамсыз болып қалған тұрғындарға қол ұшын берушілердің болғаны қандай ғанибет! Бұл жөнінде жұма намазында «Қызылжар» орталық мешітінің бас  имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы  жиналған жамағатқа  тасқын суға тап болғандарға шама келгенше көмек көрсету жөнінде өтініш жасаған болатын.   Нәтижесінде қырғыз диаспорасы—бірнеше қап киім-кешек, тәжік диаспорасы- жүз жұптан астам аяқкиім, түрік диаспорасы –400 килограмм ұн, үш-төрт жәшік печенье, ал «Қызылжар» орталық мешіті кілемдермен көмек берді. Жалпы құны бір миллион теңгеден астам осы тауарларды әкімінің аппаратына өз қолдарымен табыс етті.Онда сөз алған оралық мешіттің наиб имамы Қасымхан Исаев мешіт жамағаты жинап берген бұйымдарды тапсырып тұрып,тұрғындарды сабырға шақырды.Жауап сөз сөйлеген әкімдік өкілдері алғыстарын білдірді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

DSC07526 DSC07548DSC07731 DSC07635DSC07745 DSC07581DSC07737 20160411_104921

Return to Top ▲Return to Top ▲