Ауыл молдалары дәріс алды

Ақжар аудандық «Үлкен-Қарой» мешіті  ауыл молдаларымен  үш күндік   семинар өткізді.  Мешіттің бас имамы А.Тұрлыбеков  семинар барысында имамдарға Құран, Ақида, Фикһ пәндері  және Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы, Мұсылманның тұлғалық бейнесі, Имамның тұлғалық келбеті, ҚМДБ қызметкерінің этикасы жайлы дәрістер оқыды.Алдағы уақытта облыс орталығында  ҚМДБ-ның тарапынан өткізілетін емтиханға дайындық барысын атап өтті. Ауыл молдаларына қайырымдылық шараларын күшейту, мешіт жанындағы сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру, қоғамдық орындарда мешіт тарапынан тазалық жұмыстарын жүргізу секілді тапсырмаларды сапалы атқару жүктелді. Сонымен қатар, ең бастысы жаназадағы ысырапшылық мәселесіне имам-молдалардың жіті көңіл бөлуі, оған жол бермеу мәселесі кеңінен айтылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Return to Top ▲Return to Top ▲