ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ақжар ауданының Ұялы ауылында 90 адамға арналған мешіт пайдалануға берілді. Құлшылық үйінің ашылу салтанатына өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы қатысты.

Имандылық пен ізгілікке шақыратын мешіттің құрылысы ауыл азаматтарының демеушілігімен жүргізілді. Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы ғибадат үйін салуға атсалысқан ауыл тұрғындарына және қолы ашық кәсіпкер азаматтарға алғысын білдірді.«Жаңа мешіттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мешіт білім мен тәрбие беретін орынға да айналуы тиіс. Яғни, дін қызметкерлері халықты Алланың ақ жолына шақырып, жастардың бойына нағыз мұсылманға сай қазақы тәрбиені сіңіру қажет» деді Хамзат Қажымұратұлы.

Бір жылдың ішінде салынған мешітке «Ұялы» атауы берілді. Алланың үйінде ерлер мен әйелдерге арналған екі ғибадат бөлмесі, имамға арналған бөлме және дәрет алатын орындар бар. Салтанатты шара барысында Хамзат Қажымұратұлы да ауыл тұрғындарын мешіттің ашылуымен құттықтады.

Ғибадат үйіне жиналған жамағат жаңа мешітте алғаш рет намаз оқып, Хамзат Қажымұратұлының уағызын тыңдап, емен-жарқын сұхбаттасты.

Return to Top ▲Return to Top ▲