Жарғайын мешітінде мәуліт өтті

11 ақпан Есіл ауданына қарасты «Жарғайын» ауыл мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айы Мәуліт мерекесі атап өтілді.Жиынға «Қызылжар» орталық мешітінің өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай қажының тапсырмасымен, наиб имам Исаев Қасымхан қатысып,   жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Мәуліт айының қадір қасиеті жайында уағыз айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тарихынан сыр шертті. Мереке барысында құран оқылып, салауат айтылды. Игі шара қойылымдар қойылып, діни әндер орындалумен жалғасты. Осы ұлық мерекеге орай, мешіттің асханасында арнайы ақ дастархан жайылды. Мәулітке ат салысқан азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

20160211_141219 20160211_141251  20160211_143130 20160211_14590920160211_142838 20160211_145641 20160211_153017 20160211_153134

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲