Төртінші хадис – адамның жаратылу кезеңдері

 

عَنْ عَبْدِ اللهِ بنِ مَسْعُوْدْ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: حَدَّثَنَا رَسُوْلُ اللهِ صلى الله عليه وسلم وَهُوَ الصَّادِقُ المَصْدُوْقُ: (إِنَّ أَحَدَكُمْ يُجْمَعُ خَلْقُهُ فِيْ بَطْنِ أُمِّهِ أَرْبَعِيْنَ يَوْمَاً نُطْفَةً، ثُمَّ يَكُوْنُ عَلَقَةً مِثْلَ ذَلِكَ،ثُمَّ يَكُوْنُ مُضْغَةً مِثْلَ ذَلِكَ،ثُمَّ يُرْسَلُ إِلَيْهِ المَلَكُ فَيَنفُخُ فِيْهِ الرٌّوْحَ،وَيَؤْمَرُ بِأَرْبَعِ كَلِمَاتٍ: بِكَتْبِ رِزْقِهِ وَأَجَلِهِ وَعَمَلِهِ وَشَقِيٌّ أَوْ سَعِيْدٌ. فَوَالله الَّذِي لاَ إِلَهَ غَيْرُهُ إِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الجَنَّةِ حَتَّى مَا يَكُوْنُ بَيْنَهُ وَبَيْنَهَا إلاذِرَاعٌ فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الكِتَابُ فَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ فَيَدْخُلُهَا، وَإِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ حَتَّى مَايَكُونُ بَيْنَهُ وَبَيْنَهَا إلا ذِرَاعٌ فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الكِتَابُ فَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الجَنَّةِ فَيَدْخُلُهَا) [54] رواه البخاري ومسلم. 

Хадистің тілдік мағынасы

аудармасы арабша аудармасы арабша аудармасы арабша
 шынайы المَصْدُوْقُ  ол (с.а.у) сыншыл وَهُوَ الصَّادِقُ  Абдолла ибн Масғудтан عَنْ عَبْدِ اللهِ بنِ مَسْعُوْدْ
 жаратылысы خَلْقُهُ  жиналады يُجْمَعُ  сендердің біреулерің إِنَّ أَحَدَكُمْ
ананың أُمِّهِ  ішінде فِيْ بَطْنِ
 сосын болады ثُمَّ يَكُوْنُ  тамшы نُطْفَةً  қырық күн أَرْبَعِيْنَ يَوْمَاً
 шайналған ет مُضْغَةً  сол сияқты مِثْلَ ذَلِكَ  ұйыған қан عَلَقَةً
 жасайды لَيَعْمَلُ  оған إِلَيْهِ  және жіберіледі ثُمَّ يُرْسَلُ
 оның арасында وَبَيْنَهَا  шейін حَتَّى  жәннат амалын بِعَمَلِ أَهْلِ الجَنَّةِ
 оған عَلَيْهِ  жетеді فَيَسْبِقُ  шынтақ ذِرَاعٌ
 оған кіреді فَيَدْخُلُهَا  тозақ тұрғыны أَهْلِ النَّارِ

Абдулла ибн Масғуд былай деген: “Бізге, шындық айтқан, әрі шынайы хабар қабылдаған, Алланың елшісі (с.а.у): «Шын мәнінде, әрқайсың анасының құрсағында қырық күн бойы ұрық тамшы түрінде қалыптасады, содан соң ол сонша уақыт ұйыған қан түрінде және сонша уақыт бір тістем ет тәрізді болады, содан кейін бір періште жіберіледі де, оған үрлеп жан ендіреді. Және ол төрт нәрсені – оның ризық-несібесін, ажалын, амалдарын, және оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға бұйрық алады. Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ Алламен ант етемін, шын мәнінде, сендердің біреуің жаннатқа қолдың қарындай қалғанша жаннаттықтардың амалын істеп барады, содан кейін (тағдырда) жазылған нәрсе алдынан шығады да, тозақтықтардың амалын істеп (тозаққа) кіреді. Сондай-ақ, , шын мәнінде, сендердің біреуің тозаққа қолдың қарындай қалғанша тозақтықтардың амалын істеп барады, содан кейін (тағдырда) жазылған нәрсе алдынан шығады да, жаннаттықтардың амалын істеп (жаннатқа) кіреді», – деп хабарлады”[1]

Хадис жеткізушісі
Абдулла ибн Масғуд ибн Ғафил ибн Хабиб әл-Һазәлий (оған Алла разы болсын) Ислам қабылдаған алтыншы адам еді. Ол екі рет һижра жасаған. Бірінші рет, Эфиопия еліне, ал екінші рет, Медина қаласына қоныс аударды. Пайғамбарымыз (с.а.у) ол туралы былай деген: «Кімде-кім Құранды Алладан қалай түскен болса, дәл солай оқығысы келсе, оны Ибн Умми `Абд (Ибн Масғуд) сияқты оқысын».[2] Абдулла пайғамбарымызға (с.а.у) қызмет етіп жүрген. Ол Алла елшісінің (с.а.у) тіс тазалағышы (сиуәк), аяқ киіміне жауапты болған. Хузәйфа (оған Алла разы болсын): «Пайғамбарымызға (с.а.у) ұстанған жолы жағынан Ибн Масғудтан артық жақынырақ болған ешкімді білмеймін», – деді. Ол Бәдр шайқасына да, одан кейінгі соғыстарға да қытысқан. Діннің ең ұлы жауларының бірі болған Әбу Жәһлді өлтірген де сол.
Бір күні қатты жел тұрып, Абдулланың киімін ашып кетеді. Сонда оның ап-арық аяқтары көрініп қалады. Сахабалар оны көріп, арықтығына қатты күледі. Бұған куә болған пайғамбарымыз (с.а.у) былай айтады: «Неге күлесіңдер?! Жаным Оның қолында болған (Аллаһпен) ант етемін, оның аяқтары таразыларда Ухуд тауынан да ауыр болады»[3].
`Умар халифа болған уақытта, Ибн Масғуд Куфа қаласындағы сот пен бәйтул-мәлды басқарды. Ал `Усмәнның кезінде Мәдинаға қайта оралады. Ол Һижра бойынша 32-ші жылы қайтыс болды.

Жалпы түсіндірме

«Шындық айтқан, әрі шынайы хабар қабылдаған»
Пайғамбарымызды (с.а.у) бұлай сипаттау өте орынды. Ол хабарлаған нәрселерінде шыншыл болған. Ол ойнап та өтірік айтпайтын еді. Онда дінге қатысты мәселелер туралы не айтуға болады. Тура сол сияқты, оған да шынайы хабар берліген. Ол – әлемдердің Раббысынан түскен уахи. Алла Тағала былай деді: «Ол өз көңіл-қалауынан сөйлемейді. Ол тек оған түсіріліп жатқан уахи ғана».[4] Тағы да Ол былай айтты: «Күдіксіз, бұл Құран – ардақты бір елшінің сөзі. Ол ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер! Ол бақсының да сөзі емес. Сендер аз еске аласыңдар! Ол – әлемдердің Раббысы түсірген нәрсе. Ал егер елші кейбір сөздерді өзі айтып, бізге таңса, әрине оны оң жағынан қолға алар едік. Сосын оның күре тамырын кесіп алатын едік. Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. Расында, ол Құран – тақуалар үшін насихат. Сендердің арасында өтірік деушілер бар екенін, әлбетте білеміз».[5]
Ибн Масғуд бұл сөйлемді не себеппен айтты?
Жауабы: Өйткені, хадисте адамдарға жасырын болған “ғойб” (көмес) істер туралы баяндалған. Ал ол заманда медицина ананың құрсағында не болатынын анықтай алатындай дәрежеде дамымағаны бәрімізге мәлім. Сонда да, хадисте медицина ешқашан біле алмайтын нәрселер де хабарланған. Мысалы: ризық, ажал, амалдар, бақыт пен бақытсыздық. Сондықтан, Ибн Масғуд өз сөзінің растығын күшейту үшін, осы сөйлемді айтқан.

«Қырық күннің ішінде ұрық тамшысы түрінде  содан соң ұйыған қан түрінде одан кейін бір тістем ет тәрізді болады».
Адамның жаратылу сатылары – Алланың ұлы аяттарының, ғажайыптарының бірі. Ол бізді сатылап, бір түрден басқа түрге ауыстырып жаратты.  Ол былай деді: «Расында, Біз сендерді түр-түрмен жараттық»[6]. Яғни, ұрық тамшысы түрі, ұйыған қан түрі, тістем ет түрі, сүйектерді қаптаған ет түрі. Осылай адам жаратылады екен. Алла Тағала былай деген: «Расында адамды нағыз балшықтан жараттық», – бұл Адам атамыз жайында айтылған. «Сосын Алла былай жалғастырады: «Содан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны ұйыған қан еттік. Ұйыған қаннан тістем ет жасап, тістем еттен сүйек қылдық та, сүйектерге ет қаптадық. Содан кейін оны басқа жаратылыс етіп, жан салдық. Жаратушылардың ең жақсысы – Алла ұлы[7].
Алла Тағаланың адамды қас қағым сәтте жарату құдыретіне Ие бола тұра осындай жүйелілікпен, жоғарыда айтылған тәртіпке сәйкес бір сатыдан екіншісіне өткізу арқылы жаратуының мән-мағынасы, бұл – себеп-салдарға, алғышарттарға және нәтижелерге сәйкес адам жаратылысының бүкіл әлем жаратылысымен үйлесуі. Сондай-ақ, бұл Алла Тағаланың аса құдыреттілігіне бәрінен де жақсы айғақ болады. Алла Тағала мұндай жүйелілікті пайдалану арқылы Өз құлдарын іс-амалдарында асығып-үсугіден аулақ болуға үйретеді. Бұл жүйелілік пен тәртіпті адам баласы барлық іс-әрекетінде басшылыққа алуы керек, олай етпеген жағдайда ол соқыр тәуекелге барып, жарға ұрынады.

«Бір періште жіберіледі де, оған үрлеп жан ендіреді»
Періштені жіберетін әлемдердің Раббысы Алла. Ол қырық күннен соң келеді де, рух ендіреді. Рух арқылы жатырдағы эмбрион тіріледі, қимылдай бастайды. Рух немесе жан кейіпін адам баласы білмейді. Ол – Аллатың сыры. Пайғамбарымыздан (с.а.у) бір кісілер рух жайында сұрағанда, Алла оған былай жауап беруді бұйырды: «Олар сені рух жайында сұрайды. “Рух – Раббымның ісінен. Ал сендерге білімнен азы ғана берілді”, – деп айт»[8].Осыдан біз сұрақ қоюшыларға сөгіс айтылып жатқанын байқаймыз: “Сендер барлық нәрсені біліп алдыңдар да, енді рух туралы сұрау ғана қалды ма?!”, – деген сияқты. Сол үшін, теңізден су ұрттаған кішкентей құсты көрген Хидр Мұса пайғамбарға былай айтқан: «Мына торғай тұмсығына жиған суымен теңізден қанша кемітсе, менің және сенің жиған білімдеріміз Алланың білімінен сонша кемітеді», яғни ештеңе кемітпейді.[9]
Жан болса адам қозғалысға келеді, әрекет етеді, тірі болады. Ал жан адам денесінен шықса, оған өлім келеді де, өзі өлікке айналады. Жаны бар адам – тірі, жансыз адам – мәйіт.
Жанның шығуы екі түрі болады:
1) Ұйқы кезінде шығады. Бұл кіші өлім деп аталады.
2) Ажал келгенде шығады. Бұл үлкен немесе нағыз өлім деп аталады.
Алла тағала былай деді: «Ол – сендерді түнде ұйықтатады да, күндіз не істегендеріңді біледі. Сосын мерзім толтыру үшін сендерді күндіз қайта тірілтеді. Кейінірек қайтып барар жерлерің Сол жақ. Сосын сендергі жасағандарыңның хабарын береді»[10].

Орташа алғанда адам денесінде жүректің соға бастауы 5-6 жұмада.  Ал хадисте келгендей рухтың кіруі қырық күннен кейін. Бұл орайда кейбір хадис талқылаушы ғалымдар хадистің тікелей мағынасын алып, қырық күн тамшы, одан кейін қырық күн ұйыған қан одан кейін қырық күн шайналған ет болады деп талқылайды. Дегенмен бұл үш жаратылыстың барлығы қырық күннің ішінде жүзеге асады.

вфывф

1-сурет. 6-апталық нәресте

Баланың дамуы

Сәбиге алты апта толған кезде дене мүшелерері айқындалып ерекшелене бастайды. Көзінің орнына қара дақ пайда болып, құлақ, мұрын орындары байқалуда. Қолы, аяғы кішкене өсін іспетті пайда болады.
Жүрек соғысы жүзден жүз алпысқа шейін өсуі мүмкін.
         «Және ол төрт нәрсені жазуға бұйрық алады»
Жан үрлеп ендірген соң періштеге төрт нәрсе жазу әмір етіледі. Ол жатырдағы балаға жеке тағдырын жазады. Бірақ бүкіл жаратылысқа арналған жалпы тағдыр бар. Ол Ләухул-Махфузда (Сақтаулы Тақтада) жазылған. Ал мынау жеке жатырдағы балаға арналған нәрсе. Сонда да, ол Сақтаулы Тақтадан көшірілген тағдыр, яғни жаңа, бөлек бір тағдыр болып саналмайды.
«Оның ризық-несібесін»
Ризық дегеніміз – бұл адамға пайда әкелетін нәрсе. Оның екі түрі бар:
1) Дене өмірін қамтамасыз ететін ризық: тамақ, су, киім, баспана, көлік және с.с.
2) Дін өмірін қамтамасыз ететін ризық: білім мен иман.
«Ажалын»
       Адамдар бұл дүниедегі өмір сүру мерзімдерінде бір-бірінен өзгеше. Олардың ішінде туыла салып өлетіндері бар, сондай-ақ үмметімізден жүз жыл, ал алдыңғы үмметтерден бұдан көп жасағандары да бар. Нұх пайғамбар өз халқымен бірге 950 жыл болған.
Өмір мерзімінің ұзақтылығын не қысқаруын адам таңдамайды. Ол дененің саулығы мен күш-қуатына да байланысты емес. Кейде бір оқиғаның салдарынан ең мықты деген адамның өзі қайтыс болып жатады. Алайда, ажал Ұлы да, Құдыретті Алланың құзырында!
Бұл ажал бір сәтке де ерте немесе кеш келмейді. Мерзімі аяқталса болғаны, өлімі жетіп келеді. Алла Тағала былай деген: «Қашан біреудің ажалы келсе, Алла оны әсте кешіктірмейді» [11]. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Адамның ризығы толық таусылмайынша адам өлмейді»[12], – деген.
Сұрақ: өмір сүру мерзімі адамның тұқымына байланысты ма?
Жауап: Жоқ, ондай емес. Ұзақ өмір сүрген адамдардың тегінен шыққан қаншама адам ерте өлді. Қысқа өмір сүрген аталардан қаншама ұзақ жасағандар тарады.
«Амалдарын»
Адамның жүрекпен, тілмен, дене-мүшелерімен жасаған амалдары тағдырда жазылады.

«Оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға»
Бақытты адам – қуаныш пен шаттыққа бөленген кісі. Ал бақытсыз адам керісінше. Алла Тағала былай деді: «Ол күн келсе, Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың бақытсызы да, бақыттысы да бар. Ал енді бақытсыздар тозақта ыңыранып, шыңғырады. Олар тозақта көктер мен жердің тұрунша мәңгі қалады. Бірақ Раббың қаласа басқа. Шынында, Раббың қалағанын орындаушы. Ал енді бақытты болғандар, жаннаттық болады. Олар жаннатта көктер мен жердің тұруынша мәңгі қалады. Бірақ Раббың қаласы басқа. Бұл үздіксіз бір сыйлық» [13]. Соңында, не бақыт, не бақытсыздық болады екен!
«Cендердің біреуің жаннатқа қолдың қарындай қалғанша жаннаттықтардың амалын істеп барады, содан кейін (тағдырда) жазылған нәрсе алдынан шығады да, тозақтықтардың амалын істеп (тозаққа) кіреді»
«Қолдың қарындай қалғанша» деген сөздің мағынасы: ажалы жетіп келуіне аз-ақ уақыт қалғанша. Ол «адам мен жаннаттың арасында амалының дәрежесі жағынан қолдың қарындай қалғанша» деген сөз емес. Өйткені, хадисте айтылған кісінің амалы ізгі амал емес еді. Негізінде, басқа хадисте былай айтылғандай болған: «Расында, сендерден біреу адамдарға жаннаттықтардың амалы болып көрінген амалдарды істейді, бірақ негізінде ол тозақылардан»[14]. Кейбір адамдарда мынандай бір түсінбеушілік пайда болған екен: қалайша адам жаннаттықтардың амалын істеп келеді де, сосын жаннатқа жетуге қолдың қарындай қалғанда, тағдырда жазылғаны алдынан шығып тозаққа кіреді?
Жауап: ол адамдарға жаннаттықтардың амалы болып көрінген амалдар істеген. Бірақ жаннат пен оның арасында қолдың қарындай қалғанда ғана, яғни өлімі жақындаған кезде, «тағдырда жазылған нәрсе алдынан шығады да, тозақтықтардың амалын істеп тозаққа кіреді», яғни алдын жасап жүрген істерін қояды да, жүрегінде болған бұзық ниеті себепті ол тозаққа тасталады.
Пайғамбарымызбен (с.а.у) бірге әскери жорықтарының бірінде болған кісінің қиссасын еске алыңыз. Ол адам жауға құтылып қашатын ешқандай мұрша бермеген. Жолында тұрған жауларын жойып жіберетін. Сонда бұған куә болған сахабалар қатты таңқалып: «Соғыста жеңіс әкелген осы!», – дейді. Бірақ пайғамбарымыз (с.а.у): «Ол тозақылардан!», – деп айтады. Сахабаларға бұл хабар ауыр тиеді, оларды «бұл адам қалайша тозақылардан болады?», – деген сұрақ мазалап қоймайды. Сол кезде бір кісі: «Мен әлгі адамның артынан еріп, оны аңдимын», – дейді де, соңынан қалмай жүреді. Қараса, әлгі батыр, ержүректі жігіт қарсыласынан қатты соққы алады да, оған шыдамы жетпей, қылышының ұшын кеудесіне қойып, ал тұтқасын жерге тіреп үстіне жата қалады. Қылышы арқасынан шығып, әлгі кісі өзін осылай өлтіреді. Аңдыған адам пайғамбарға (с.а.у) келіп: “Сен – Алланың елшісі екеніңе куәлік беремін”, – деп айтады. Оған пайғамбарымыз (с.а.у): «Не болды?», – деп сұрайды. Сонда ол тозақылардан болатыны айтылған кісінің оқиғасын баяндап берді. Бұдан кейін пайғамбарымыз (с.а.у) былай деді: «Расында, сендерден біреу адамдарға жаннаттықтардың амалы болп көрінген амалдарды істейді, бірақ негізінде ол тозақылардан»[15]
Құрсақ ана (суррогаттық ана) болудың шариғи үкімі

Суррогаттық ана немесе құрсақ ана қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналды.  Таратып айтар болсақ,  ерлi-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана (суррогат) қызметiн ақылы немесе ақысыз түрде атқаруға ризашылығын бiлдiрген бөтен әйелдiң жатырына салу. Мұндай жолмен бала табуға шариғатта рұқсат жоқ. Бұған төмендегі мына дәйектер нақты дәлел болады:

  1. Ер  кісі мен құрсақ ананың арасында некенің жоқтығы.

Ислам шариғатында некелі туылған бала деген мәртебеге ие болу үшін оның ата-анасы болып табылатын ер мен әйелдің арасында шариғи тұрғыдан некенің рүкіндері мен шарттары толық орындалуы тиіс. Шариғатта текті ұрпақтың некелі ерлі-зайыптылардан дүниеге келетіндігі айтылған. Мұны Алла Тағала Құран Кәрімде былай баяндайды:

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلا مِنْ قَبْلِكَ وَجَعَلْنَا لَهُمْ أَزْوَاجًا وَذُرِّيَّةً.

«Расында сенен бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз»[16].

وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا وَجَعَلَ لَكُمْ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ بَنِينَ وَحَفَدَةً وَرَزَقَكُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ أَفَبِالْبَاطِلِ يُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَةِ اللَّهِ هُمْ يَكْفُرُونَ (٧٢)

«Алла Тағала өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер нәсіп етті. Сондай-ақ сендерді тап-таза нәрселерден ризықтандырды. Осылай бола тұра олар жалғанға сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме?»[17].

  1. Әйел жатыры сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды мүбах заттардың санатына жатпайды.

Шариғатта кейбір заттар сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды болып табылады. Мәселен, тағам түрлері, сусындар, киім, көлік, баспана, кітап, бау-бақша, т.б. Міне осы заттарды сатуға, жалға беруге, садақа етуге, сыйға тартуға болады. Ал кейбір дүниелер сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамсыз болып табылады. Мәселен, әйелдің жыныстық мұқтаждығын тек некелі күйеуі ғана қанағаттандыруы тиіс. Бұл іс тек күйеуімен ғана шектеледі. Демек, күйеуі өзіне шектелген істерді өзге ер кісіге беруіне болмайды. Сондай-ақ әйелдің де күйеуінен өзге ер кісіге осы істерді (яғни күйеуіне ғана шектелген істерді) садақа етуіне, жалға беруіне, сатуына болмайды. Ендеше әйелдің бүкіл денесі, оның ішінде аналық мүшесі күйеуінен басқа ер кісіге харам екен. Демек әйелдің жатырын да жалға беруге, сатуға болмайды.

Міне осы тыйым шариғатта әйел затының жатырына күйеуінен өзге ер кісінің ұрығын ендіруге тыйым салынғандығын көрсетеді. Егер әйел жатырын сатуға немесе жалға беруге рұқсат етілсе, ешбір бала өз тегін дөп басып айта алмас еді. Ешбір әке де «мынау менің балам» деп турасын айта алмас еді. Бұл өз кезегінде тексіздікке алап барады. Ал шариғатымыз мұндай ерсі, сөкет істі құптамайды.

Некелі ерлі-зайыптылардың бала сүю құқығы

Шариғитта мынадай фиқһи қағида бар:

«Ер кісінің қарамағындағы әйелімен жыныстық қатынасқа құқығы болғанындай, әйелін жүкті етуге де ақысы бар. Ал ер кісінің төсек қатынасына құқығы болмаса, онда ол әйелді жүкті етуге ақысы жоқ».

Алғашқы қатар мынаны меңзейді:

«Бала сүю ерлі-зайыптылырдың ортақ міндеті. Ендеше әйел күйеуінің рұқсатынсыз «бала көтермеймін» деп айта алмайды. Себебі бала сүю күйеуінің де құқығы. Тек жүктілік әйелдің ден-саулығына зарар келтіріп жатса ғана бала көтермеуге рұқсат етіледі».

Екінші қатар мынаны меңзейді:

«Ер кісі мен әйелдің арасында неке болмаса, ердің әйелді жүкті етуге ақысы  жоқ. Ал зинаның харам екендігі анық. Егер ер кісі тұрмысқа шыққан әйелмен зина жасап одан бала туылса, ол баланың тегі зинақорға берілмейді. Дүниеге келген бала төсек иесінің тегін алады. Пайғамбарымыз (صلي الله عليه وسلم)  былай дейді:

«Бала төсек иесінікі…»[18].

Міне шариғат, төсек иесіне туылған баланы өз тегіне алуға рұқсат береді. Тек ер кісі баланың өзінің бел сүйегінен емес екеніне көзі жетсе, ерлі-зайыптылар бір-біріне лағынет  айту арқылы істері жабылады.

Үкім:

  • Ерлi-зайыптылардың аталық ұрығы пен аналық клеткасын арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана қызметін атқаруға ризашылығын білдірген бөтен әйелдің жатырына егуге тыйым салынады.[19]

 

[1] Бұхари, Муслим хадистер жинағы

[2] Имам Ахмад хадистер жинағы

[3] Ахмад хадистер жинағында келген

[4] Нәжм сүресі, 3-4 аяттар

[5] Хаққа сүресі, 40-49-аяттар

[6] Нұр сүресі, 14-аят

[7] Муминун сүресі, 12-14-аяттар

[8] Исра сұресі 85-аят

[9] Бұхари, № 3401

[10] Әнғам сүресі, 60-аят

[11] Мунафиқун сүресі, 11-аят

[12] Ибн Мәжаһ 2144.

[13] Һуд сүресі, 105-106-аят

[14] (Бухари 2898, Муслим 112)

[15] (Бухари 2898, Муслим 112).
[16] Рағыд сүресі 38-аят.

 

[17] Нахыл сүресі, 72-аят.

 

[18] Хадисті имам Мүслім мен имам Бұхари риуаят еткен.

[19]http://fatua.kz/kz/post/view?id=777

Return to Top ▲Return to Top ▲