Бас мүфти сұхбаты

«Қызылжар» орталық мешітінде мешіт жамағатына жұма сайын уағыз-насихат жұмыстары жалғасын табуда. Әр апта сайын «Қызылжар» орталық мешітінің имамдары белгіленген кесте бойынша еркін тақырыпта уағыз айтады. Апта сайын уағызға қатысушы жастардың саны өсе түсуде. Осы жұма ҚМДБ ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының «Хабар» телеарнасында «Көзқарас» бағдарламасында берген сұхбаты мешітке келген жамағатқа көрсетіліп, талқыға салынды. Айта кететін жайт, әр апта уағыз соңында мешітке келген көпшілігі студенттер құрайтын жастарға дастархан жайылып ас беріледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲