Ислами тәрбие алудың өсіп келе жатқан ұрпаққа берері мол. Сондықтан болмысынан пәк таза болып туылған балаларымызды ислам шеңберінде тәрбиелеп өсіру қажет. Сонда ғана еліміз өркениетті дамыған рухани қуатты мемлекетке айналмақ. Себебі иманды ұрпағы бар елді, ұрлық пен зұлымдық, парақорлық, зинақорлық, мансапқорлық деген жаман қасиеттер жауламайды.
Қызылжар облыстық мешітінде жазғы балалар демалысында «Құран оқып, үйренейік» атты дәстүрлі сауат ашу курсы ұйымдастырылды. Мұнда балалар ислам және тәрбие, құран және оның маңыздылығы сияқты тәлімдік сабақтарды оқып, Құран оқып үйреніп, сауаттарын ашты. 1 айға созылған курсқа 40-тан астам балалар қатысып, сертификатпен марапатталды.