Ауызашар берілді

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінің кешінде Шал ақын аудандық                  «Сейдахмет хазрет»  мешітінің асханасында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай аудандық газеттің бас редакторы, намазхан азамат Қайрат Оразалин мешіт жамағатына арнап ауызашар берді.

Дастархан басында ауданның бас имамы Шопан қажы Жолкенұлы ауызашар берудің сауабы жайында, сондай-ақ қасиетті айдың мәні мен маңызы туралы уағыз айтты. Сол жиында Қайраттың әкесі Тұрар Оразалин аталары Шал ақын мен Абылай ханның әскер басшысы болған Құлеке батыр  жөнінде азды-көпті тарихтан шолу жасап өтті. Соңынан Қайрат бауырымыз сәресі дәмін берді. Ауызашарға келген халайық Оразалиндер отбасысына ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲