АЙТАЙЫҚ ЕЛІМІЗГЕ ЖАРАПАЗАН
“Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен қаланың орталық көшесінде бабаларымыздың көне дәстүрімен келе жатқан жарапазан
айтылды. Имамдар мен мешіттердің шәкірттерінен құралған бір топ жарапазаншы қазақтың ұлттық киімін киіп, қолдарына домбыра ұстап, халықтың көбірек шоғырланатын жерлеріне барып, жұртшылықты Рамазан айымен және Наурыз мейрамымен құттықтады. Үлкендер бата беріп, аналар шашу шашып жарапазаншыларға алғыстарын айтты.
“Жарапазан” деген сөздің мағынасы Рамазан келді дегенді білдіреді. Бірақ мұны діни жыр деп айтуға да болмайды. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі жырларының бірі. Бұрын Рамазан айы келгенде, телеарна, радио болмаған кезде осылай жарапазан айтып, халықты жарапазан айтып хабардар
еткен. Рамазан айы келе жатыр, қасиетті айдың берекесінен құр қалмаңыздар” деп ескертеді, шақырады, – дейді “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.
Жарапазан жырының елуден астам нұсқасы бар. Бұрын бұл жырды балаларға арнайы жаттатып, үйді-үйге жіберген.Жарапазан айтылған үй жақсы тілекпен келгендерді бос қол жібермеуге тырысқан..
Қызылжар өңірінде де жарапазанды жандандыру мақсатында қолға алынған бұл шара көпшілікке қазақтың дәстүрін таныстырды.