Өңір имамы католик шіркеуінің жетекшісімен кездесті.

Өңір имамы католик шіркеуінің жетекшісімен кездесті.

Бүгін, 25 желтоқсан күні, христиан дін өкілдерінің Рождество мерекесі.  Бұл мереке Иса (ғ.с.) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі болып саналады. Осыған орай қоғамдағы ұлтаралық қатынасты, еліміздегі діни келісім мен толеранттылықты сақтау мақсатында ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы,  «Облыстық Қызылжар орталық»  мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы қаламыздың «Святая Троица» рим-католик шіркеуінің жетекшісі Дариуш Пашинскиймен кездесті. Кездесу барысында облыс имамы католиктерді мейрамдарымен құттықтап, өз атынан құттықтау хатын табыстады.

Аталмыш кездесуге сондай-ақ жергілікті Дін істері басқармасының жетекшісі Зейнуллин М.Б., Петропавл-Булаево епархиясының епископы, Гурий  қатысты. Облыс имамы жергілікті телеарнаның  тілшілеріне сұхбат беріп, барша католик қауымын Рождество мейрамымен құттықтады.

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲