Біріккен Араб Әмірліктерінің жастар ісі жөніндегі министрлікті басқаратын Шамма әл Мазруи ең жас министр ретінде әлемге әйгілі Гиннес рекордтар кітабына енді. Шариғат шәлісін жамылған әйелдің жасы бар-жоғы 22-де.
Ол осынша жасына қарамастан білдей бір мекеменің шаруасын дөңгелетіп отыр. Бұл арудың есімі көпшілікке Рамазан айында қарапайым халыққа тамақ таратқан қамқорлығымен танымал. Жас министр жөнінде БАӘ вице-президенті мен премьер-министрі әрі Дубай қаласының билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум былай айтқан: «Араб қауымдастығының тең жартысын жастар құрайды, сондықтан оған осы елді басқару үшін дауыс пен мүмкіндік бергеніміз әбден көңілге қонымды іс». Бұл қыздың жетістігі – Гиннесс кітабының 63-ші басылымында орын алатын БАӘ жасаған 190 әлемдік рекордтарының бірі. Әл Мазруи Әбу-Дабиде туып өскен, New York University Abu Dhabi гуманитарлық ғылымның бакалавр дәрежесін алған.