3.02.2019 жылы қалалық «Қызылжар» мешітінде «Әйел көркі – орамал» атты рухани мәдениеттік іс-шара өткізілді. Іс – шарада Ислам дінінде орамалдың орны, әйел мәртебесі жайлы уағыз айтылды, діни білім сайысы, орамал сәнді тағу үлгілері көрсетілді. Менің орамалым- менің тәжім флэшмоб өтті. Қажы апалар қазақ халқының дәстүрлі әйелдердің бас киімдері жайлы баяндап берді. Белсенді қатысқан әйелдерге сыйлықтар, сертификаттар және діни кітаптар табыс етілді. Соңында мерекелік дастарқан жайылды, ақ жаулықты апалар жастарға батасын берді. 40 адам қатысты. Өткізген – исламтанушы, қалалық «Қызылжар» мешітінің ұстазы Ажар Сыздыкова