«Қызылжар» орталық мешітінің «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы №6 мектепте мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен «Әжелер сөзі – ақылдың көзі» атты кездесу өтті. Бұл жиынға оқушылармен қатар мұғалімдер де қатысты. Ең алдымен «Әжелер мектебінің» төрайымы Ырысжамал Аленова қыз тәрбиесі жөнінде сөз қозғап, клуб мүшелерімен таныстырды. Одан кейін ата-ананың балаларына деген қарым-қатынасы жайында видеоролик көрсетілді.
Кездесу барысында жастар арасынан 8-сынып оқушылары Иманова Жансая, Балғабай Эльнара «Қызды қырық үйден тыю», «Иманды қыз», «Латын әліпбиі туралы ойларыңыз?» т.б деген сұрақтар қойды.
Оқушылардың сұрақтарына клуб мүшелерінен Салима қажы Атажанқызы, Сапура қажы жауап берді.
Оқушылар өз тараптарынан ән салып, «Қазанғаптың» күйін орындады.
Жиын соңында №6 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жібек Жағыпарқызы Арықова «Әжелер мектебіне» ғибратты әңгімелері, айтқан ақылдары үшін алғыстарын арнады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі