Өткен жұма күні облыстық дін істер басқармасының ұйымдастырумен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдыған орай діни бірлестіктер арасында дәстүрлі ұлттық тағамдар сайысы ұйымдастырылды.
Оған ҚМДБ филиалы атынан «Қызылжар» қалалық мешіті де қатысты. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы конкурс «Дәстүрлі ұлттық дәм», «Дастарханды безендіру» сияқты 4 номинация бойынша өтті.
Жарыстың қорытындысы бойынша «Дәстүрлі ұлттық дәм» бойынша «Қызылжар» қалалық мешіті жеңімпаз атанды. Шара соңында Ғани Нығыметов жеңіске жеткендерге ынтымақ, береке-бірлік тілеп, сыйлықтар үлестірді.