«Қызылжар» орталық мешітінде құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен түскен сұрақтарға жауап беру мақсатында жиналыс өтті. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілі, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Дүйсенбай құрбан айт мейрамының мән-мақсатын түсіндіріп , шығу тарихы, малдың қай түрлері және қалай шалыну керек, айт күні құрбан шалудан басқа жасалатын амалдар сыны сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, биылғы пандемия жағдайына байланысты Құрбан айт мерекесін өткізуге қатысты енгізілген бірқатар өзгерістерге тоқталды. Атап айтар болсақ, биыл Айт намазы оқылмайды және құрбан шалу рәсімі мешіттерде жүзеге асырылмайды.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрбан шалуға ниеттенген кез-келген адамдар үшін www.qurban2020.kz сайты іске қосылғанын атап өтіп, толық жұмыс істеу үлгісін баяндады.