Қырғыз ағайындардың ауызашары

Айыр қалпақты ағайындар – қырғыз диаспорасы сан жағынан көп болғанымен, белсенділігімен көзге түсіп жүр. Небір шараларда қолөнер бұйымдарымен жарқырап көрініп жүрген олар «Қызылжар» орталық мешіті ұйымдастырған шараларға да белсене қатысады.     Өткен жылдағыдай болса да олар мешітте ауызашар берді. Оған жиналған жамағат көп болады: мешіттің үлкен асханасы мен киіз үйге сыймағандар тағы бір бөлмеге жайғасты. Ауызашар барысында Атамбай қажы Әлжанов, мұсылман диаспораларының мүшелері, «Дін Мұхаммад» мешітінің бас имамы Рафик Мусин және ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы игі тілектерін жеткізді. «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Хамзат Қажымұратұлы оразаның жеті қасиеті жайында уағыз айтты.

dsc06460

 dsc06439

dsc06441

dsc06443

dsc06445

dsc06457

dsc06458

dsc06424

dsc06428

dsc06437

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲