Қызылжар өңірі мешіттерінің қосқан үлесі

Қызылжар өңірінің күре тамыры тәрізді көк Есіл биыл қатты тасыды. Жүздеген үйлер суда қалған осындай жағдайда өңір мешіттері ҚМДБ ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» акциясына белсене қатысты. Ғ.Мүсірепов атындағы, Айыртау, Шал ақын және Тимирязев аудандарының мешіттері өңірдегі қызыл су басқан бірінші елді мекен – Рузаевка ауылына қол ұшын созды. Ал басқа аудандар мен «Қызылжар» орталық мешіті 350 мың теңге ақшалай және 2,5 миллион теңгенің заттай тауарына қол жеткізді. Атап айтқанда, 600 килограмм ұн, 80 жұп аяқ-киім, 20 кілем, киім-кешек, төсек-орын, сондай-ақ қант, май, шай, макарон тағамдары, сабын, кір жуу ұнтағы, ас содасы сияқты заттар жиналды.

Осыған байланысты облыстық телеарнаға сұхбат берген ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы өңір мешіттерінің қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.

«Қайырымдылық керуеніне» түскен тауарлар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жылу жинау орталығына тапсырылды.

Қайырымдылық шаралары Рамазан айында да жалғасын табатын болады.

20170516_104605 dsc04569 dsc04576 dsc04590 dsc04607 dsc04609 dsc04610 dsc04620 dsc04625 dsc04636 dsc04641 dsc04652

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲