ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІН БЕРДІ МӘУЛІТКЕ

«Қызылжар» орталық мешіті биылғы Мәулітін өткізген Н. Погодин атындағы облыстық драма театры Қызылжардың қақ төрі тәрізді. Жыл сайын Мәуліт мерекесінің осында өткізілетіні де сондықтан.

Әдеттегідей, Мәуліт Алланың сөзі – Құран оқумен басталды. Одан соң жиналған жұртшылықты бірінші болып ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы құттықтады.

Күллі адамзат баласына мейірім шуағын сыйлап өткен ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген жүрегіміздегі сүйіспеншілігіміз уақыт алға жылжыған сайын бұрынғысынан да арта береді, – деді ол.

Рухани кешке қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың құттықтауы да әсерлі естілді. Бұл күні мерекелік лебіздерін білдіру үшін алыстан ат арытып келгендер де аз болмады: ҚМДБ-ның өкілі, «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы, ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы, «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы және  Ақмола облысындағы «Науан Хазрет» мешітінің ұстазы Болатхан Қуанған. Сонымен бірге облыс орталығындағы мұсылман диаспораларының атынан  құттықтау лебізі білдірілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Мұхаммад Құтб пен мешіттің сауат ашу курсының бір топ шәкірттері Мәуліт оқып, салауат айтты.

Бұл күні өнерлі жастар діни әндерді шырқады, ал С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері сахналық қойылымды жұрт назарына ұсынды.

Мәуліт марапатпен түйінделді. Онда Кенжетай қажы Байкемелұлы дінімізді өркендетуде барынша белсенділік танытқан бір топ азаматтарға Алғыс хаттар тапсырды.

Мереке соңында «Қызылжар» орталық мешітінде Мәулітке қатысушыларға мол дастархан жайылды. Онда ақ тілектер ақтарылып, уағыз да айтылды. Сонымен бірге басқа өңірлерден келген қонақтарға шапан жабылды, басқа да сый-сияпат көрсетілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc02150 dsc02057 dsc02004  dsc02048 dsc02039 dsc02042 dsc02021 dsc02029 dsc02057 dsc02094 dsc02060 dsc02111 dsc02082 dsc02059 dsc02145 dsc02090 dsc02134 dsc02160 dsc02161 dsc02164 dsc02185 dsc02204 dsc02200 dsc01957 dsc01951

Return to Top ▲Return to Top ▲