ҚЫЗЫЛЖАРДА БАС МҮФТИДІҢ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Өңірдегі өзгелерге үлгі болып келе жатқан «Қызылжар» мешіті оразада да озық: бірінші болып ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан ауызашар берді. Соңғы жылдары қалыптаса бастаған  бұл дәстүр биыл да сақталды.

Арнайы шақырылған қонақтар және ақшам намазынан шыққан жамағат мешіттің екі асханасын ғана емес, аулаға тігілген екі киіз үйді де лық толтырды.

Сауапты шара – ауызашарға жиналған жұртшылықты Рамазан айымен басталуымен құттықтаушылар көп болды: облыстың құрметті азаматы Ж.Ысқақов, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Дүйсенов және қажы аналар, тағы басқалары. Мұсылман диаспораларының жетекшілері де лебіздерін білдірді. Олардан соң сөз алған ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының құттықтап білдірген алғысы жүректерге жетіп жатты. Одан кейін СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров облыс әкімінің атынан жамағатты Рамазан айымен құттықтады.

Мереке сияқты өткізілген ауызашардың соңы марапатқа ұласты. Дінімізді өркендетуге және салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге үлес қосып жүрген қайырымды қос азамат: Адай Жанбатырұлы мен Әскер Аманжолұлы ҚМДБ-ның облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.

dsc05417 dsc05276 dsc05287 dsc05288 dsc05291 dsc05296 dsc05326 dsc05350 dsc05352 dsc05406 dsc05420

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲