Балуанға құрмет көрсетілді

Қазақстан мұсалмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен Республикалық турнирде біздің жерлесіміз Дәурен Нұрғожин  ІІІ орын алып, кіші қажылыққа тегін жолдамаға ие болған еді.

Жүлдегер балуанға тиісінше құрмет көрсетілді. Оны теміржол вокзалынан «Қызылжар»  мешітінің наиб имамдары Қасымхан Абдуллаұлы мен Қанат Жылқыбайұлы қарсы алды. Ал жұма күні жүлдегер балуанды ҚМДБ ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы байкемелұлы құттықтап, сертификат табыс етті.

dsc05126 dsc05150 dsc04983 dsc04986

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲