«Қызылжардың» қарттарға қамқорлығы

«Қызылжар» орталық мешіті Қарттар күніне байланысты жүйелі шаралар ұйымдастырды. Мәселен, мешіттің наиб имамы Қасымхан Исаев Тайынша ауданындағы Қарттар үйі «Надеждада» 117 қария пана тапқан  «Надежданың» тыныс-тіршілігімен танысты. Оларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Кітаптар тарту етілді.

Осындай тартымды шара «Қызылжар» мешітінің өзінде де өткізілді. Мешіттің ұйымдастыруымен Мамадияр Байғұлов деген қайырымды азаматтың қол ұшын беруімен өткізілген шараға қатысушыларды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы құттықтап, ақшалай сыйлықты табыс етті. Бұл ас бір топ қажыларды және басқа да қадірменді қарияларды тоғыстырды. Мол дастарханға жиналған олар алғыстарын арнады.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20161004-wa0003 img-20161004-wa0006 img-20161004-wa0001 img-20161006-wa0006-2 img-20161006-wa0013 img-20161006-wa0016

Return to Top ▲Return to Top ▲