«Қызылжар» орталық мешітінің жастар ісі бөлімінің меңгерушісі А.Алыпқашев 22 қараша Астана қаласында өткен ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің жылдық қорытындысының жиналысына қатыстып, аталмыш бөлімнің бір жыл бойы атқарған іс-шаралар есебін ұсынды.
Жұмыс барысын жылдан-жылға дамытып келе жатқан Жастар ісі бөлімінің биылғы жиналысы да өзгеше болып өтті. Әрбір өкілдіктегі атқарылған іс-шаралар есебі құжат түрінде тапсырылуымен қатар, арнайы экран арқылы видеоролик есебінде көрсетілді. Жиналыс соңында өкілдік қызметкерлерінің талап-ұсыныстары тыңдалып, келер жылғы жоспарлары талқыланды. Бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы өз кезегінде өкілдік қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар жүктеп, жұмыс барысын жандандыру тетіктері жайлы кеңестерімен бөлісті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы аталмыш жиынды қорытындылай келе барлық қатысқандарға оң бағасын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Орталық мешіттің жастар ісі меңгерушісі А.Алыпқашевқа «Алғыс хат» табыстады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі