«ҚМДБ жанынан ғылыми зертхана ашылады»

Қазақстан мұсылмандары діни бақармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Халалмен қанаттан» атты конференцияда осылай деді.

Журналистерге берген сұхбатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Біздің басты мақсатымыз – халал өнімдерді стандарттаудың ортақ жүйесін жасау. Сол арқылы қоғамдағы халал өнімге қатысты мәселелерді ретке келтіру. Өйткені «халал» сөзі жеке табыс көзіне айналып кетті. Біз осы мәселелерді бір орталықтан бақылауды қолға аламыз. Қазір мекемелермен, тиісті компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Болашақта Діни басқарманың адал тағамдарды анықтайтын ғылыми зертханасы болады», – деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталмыш зерттеу орталығын арнайы мекемелермен бірлесіп іске қоспақ.

www.muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲