ҚМДБ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫНЫҢ БАСҚОСУЫ: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығы Өскемен қаласында өткен «Адамгершілік құндылықтарды насихатауда БАҚ-тың рөлі» атты I республикалық журналистер форумы аясында ҚМДБ-ның облыстардағы баспасөз хатшыларының отырысы өтті.

Мәжіліске ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы, Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық, ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай қатысты.

Кездесу барысында қазіргі діни ахуал және Діни басқармадан жасалып жатқан шаралар, оны насихаттаудың тетіктері жайлы әңгіме қозғалды.

I республикалық журналистер форумының Қарарына сәйкес, бір өңірде өткен игі шараларды барлық облыстардың мешіт сайттарында, басылымдарында жариялап, ақпарат алмасуды, насихат шараларын бірізділікке түсірудің маңыздылығы сөз болды.

Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық ғаламтормен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері жайлы тренинг өткізді.

Баспасөз хатшылары да өздерінің көкейлерінде жүрген салмақты ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар басқосуда жергілікті журналистерге шеберлік сыныптарын ұйымдастыру, имамдарды мақала жазуға бейімдеу, діни терминдерді бір ізге түсіру, Алланың аяты мен пайғамбар хадисі жазылған газеттерді аяқасты етпеу, газет-журналдармен ынтымақтаса жұмыс істеу, т.б. мәселелер жан-жақты талқыланды.

Мәжіліс соңында ҚМДБ Баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы баспасөз хатшыларына нақты тапсырмалар берді.

Басқосуға қастысқандар I республикалық журналистер форумының Қарарын жүзеге асыруға жұмыла кірісуге уағдаласты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲