Еліміздің барлық аймақтарында Халықаралық «Қарттар күніне» орай қайырымдылық шарасы өтті.
Біздің өңірімізде де, «Қызылжар» орталық мешітінің бастамасымен, «Перзенттің ата-ананың алдындағы міндеттері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда ата- әжелер мен жастар қатысты. Бұл дөңгелек үстелде «Жұмақтың кілті ата- ананың аяғының астында» дегендей, ата ананың қадірі, оларды құрметтеу, сыйлау жайында уағыз айтылды. Ата- әжелерімізді, жастарды мазалаған сұрақтарға жауап алды. Кездесудің соңында «Қартайдым деп қайғырма, қамқоршың бар артыңда» атты суреттер таратылды
«Қызылжар» орталық мешітінің
Баспасөз қызметі