Өрт сөндірушілермен кездесу

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Сәрсенов Азамат «Қалалық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде» болды. Сол жерде жұмыс істейтін азаматтармен кездесіп, тұғырнамада көтерілген өзекті тақырыптарды баяндап, көзделген басты парыз бен міндеттерін жеткізді. Сонымен қатар, имам мен мұсылманның тұлғалық келбетіне, исламның  құндылықтарына тоқталды. Кездесудің соңында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар форумында қабылданған құжаттар» атты он кітап таратылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

Баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲