Қалалық «Нұр»мешітінде Мәуліт құрметіне ас берілді.

Петропавл қалалық «Нұр» мешітінде екі дүниенің пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) туған Мәуліт айының құрметіне және пайғамбарымыздың сүннетін ұстанып бейсенбі күні ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берілді. Дастархан басында мешіт имамы Әбілхан қажы мен «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков «Пайғамбарымыздың сирасы және сүннетті ұстанудың маңызы» туралы  уағыздар айтты. Кейін үлкен экраннан Мәуліт айының мән-маңызын аша түскен деректі фильм көрсетілді. Ауызашар соңы дәстүрлі әнші әрі мешіт жамағаты Біржан Есжановтың орындауындағы әуезді әнге ұласты.

20160114_182710 20160114_175326 (1) 20160114_175925 20160114_182951

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲