Қажылыққа дайындық

Бес парыздың соңғысы – қажылық жасқа да, жасамысқа да оңай емес. Жердің түбіндегі бір қиямда, оның үстіне ми қайнатқан ыстықта бұл парызды орындау қаржыны ғана емес, дінге шын ықыласты, барынша сауаттылықты және қажымас-талмас қайратты талап етеді. Қажылықтың үкімдері үшеу ақ: ихрам, Арапат және  Қағбаға тауап. Алайда, осының өзі көп нәрсені білуге талап етеді.

Осы аптада «Қызылжар» орталық мешітінде басталған қажылық дәрістері, міне осы жайттарға арналды. Болашақ қажылар алдында дәріс оқыған «Қызылжар» мешітінің наиб иамы Қасымхан Абдуллаұлы қажылық барысында атқарылуға тиіс амалдарды рет-ретімен түсіндіруге кірісіп кетті. Бұл дәріс алдағы уақытта да жалғасын табады. Тіпті қажылықты атқарудың жай-жапсары туралы фильм көрсету жоспарда бар.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

IMG-20160809-WA0002 IMG-20160809-WA0003 IMG-20160809-WA0010

Return to Top ▲Return to Top ▲