Солтүстік Қазақстан өңірінде екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған айына орай, Н.Погодин атындағы драма театрында «Ғибратқа толы ғұмыр» атты рухани кеші облыс көлемінде жоғары деңгейде аталып өтті.
Игі шараға Қазақстан мұсылмаданары діни басқармасының шариғат бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Египет Ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі Маямеров Ержан Малғажыұлы, университет аппарат жетекшісі Рахымжан Әкімбеков, облыс әкімінің орынбасары Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы, Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы, Ақмола облысының өкіл имамының орынбасары Қанат Алшынбаев айтулы мерекеде қонақ болды.
Құран және салауат оқумен басталған рухани кештің алғы сөзін облыс әкімінің орынбасары жергілікті мұсылмандарды құттықтаумен, Нұр-Мүбарак университеті ректор кеңесшісі жиналған қауымға жылы лебізін білдіріп, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі көпшілікті ұйытып пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірі жайлы насихат айтты.
Мәуліт кешінде көпшілік болып жиналған мұсылмандарға жергілікті Қазақ-театр ұжымының атсалысуымен діни тәрбиеге толы қойылымдар, танымал дәстүрлі әнші Ерлан Ырысқали, ақын Алмас Темірбай өз өнерлерін жұртшылыққа паш етті.
Кеш соңында жергілікті асыраушыларынан айырылған ауыл балақайлары жетім үй жас жеткіншектерге «Қызылжар» орталық мешіті дайындаған сыйлықтарды, Нұр-Мүбарак университінің аппарат жетекшісі Әкімбеков Рахымжан табыстады.
Облыс деңгейінде аталып өткен «Ғибратқа толы ғұмыр» атты рухани кешті ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілі, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы игі кештің қонақтарымен жиналған жұртшылыққа алғысын айтып қорытындылады.
https://youtu.be/7kZW41YzIZg
«Қызылжар» орталық мешіті
баспасөз хатшылығы