Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент медресе» колледжінің 2017 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі болып өтті.
Салтанатты шара барысында ҚМДБ-ның бөлімінің меңгерушісі Бейбіт қажы ӘліпбекұлыҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жас түлектерге жолдағаныстық сәлемін жеткізіп, өз сөзінде дін қызметкерінің жауапкершілі мен маңыздылығын ескертіп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етудің қос дүниелік пайдасына тоқталып өтті.
Айта кетейік, биыл «Шымкент медресе» колледжін 32 студент тәмамдап отыр. Оның 16 ер-бала, ал 16 қыз-бала. Осы түлектердің ішінен алты шәкірт оқ бойы озық шығып, оқу орнын үздік дипломмен аяқтады. Таяу уақытта 13 түлек еліміздің әр аймағында дін жолындағы қызметтеріне кіріседі. Сондай-ақ, биылғы жылы оқу ордасына 300 шәкірт қабылдау жоспарлануда. Ал оның 200 шәкірті мемлекеттік жеңілдетілген грант арқылы оқитын болады.