Шал ақын ауданындағы Мәуліт.

Шал ақын ауданы «Сейдахмет хазрет» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)нің  дүниеге келген айына орай, Мәуліт мерекесі өтті. Мерекеге аудан әкімінің орынбасары Н.Таласпаев қатысып,жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады. Шара барысында  Шал ақын ауданы «Сейдахмет хазрет» мешітінің Бас имамы жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз (с.а.с) туралы, ол (с.а.с) дүниеге келмей тұрып орын алған оқиғалар жайында әңгімеледі. Пайғамбарымызға (с.а.с)салауат айтылып, мәуліт оқылды. «Алла елшісіне (с.ғ.с.) сағыныш хат» фильмі көрсетілді.Шара соңында жұма намазы оқылып, көпшілікке арнап ас берілді.

Безымянный Безымянный 1 Безымянный 2

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲