Хасан Аманқұлов Қызылжар өңірінде

Еліміз бойынша Республикалық ақпарат насихат тобының жұмысы жалғасын табуда, кезекті сапарменҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, РАНТ мүшесі Хасан Аманқұлов Петропавл қаласына келді. Екі күнге созылған іс-сапар «Қызылжар» орталық мешітінің жамағатымен кездесуден басталды, жамағатқа уағыз-насихат айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріліп, күн тәртібінің соңында ЕС 164/1 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.Іс-сапардың екінші күні ЕС 164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жеке және жалпы кездесулерден кейін Петропавл қалалық «Қызылжар» мешітінің жамағатыменен кездесу ұйымдастырылды.

«Қызылжар» орталықмешітінің  баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲