Мекке қаласындағы Харам мешітінің қызметкерлері түсірген «Харам мешітіндегі бір күн» деректі фильмінің қыркүйек айында жарыққа шығатыны белгілі болды. Аталмыш фильм өзінің масштабы бойынша әзірге теңдесі жоқ көрінеді.
Фильмнің режиссері ретінде британдық Абрар Хусейн қызмет атқарған екен. Ал, жобаның жалпы құны 1млн сауд риалын құраған.
«Аталмыш фильм мұсылман емес халықтың назарын аудартуға арналған. Оларға Мекке қаласының маңызын, Ислам дінінің көркемдігін көрсеткіміз келді. Олар осы фильмнен кейін: «Қандай бейбіт және көркем дін!» деп айтардай болғанын қаладық», – дейді режиссер.