Уағыз-насихат тобы Ақжар ауданында

Қасиетті рамазан айының қарсаңында СҚО бойынша өкіл имам, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы  Байкемелұлының бастамасымен өңіріміздің барлық аудандарында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын. Осыған орайда «Қызылжар» орталық мешітінде арнайы уағыз-насихат тобы құрылып, өңіріміздің төрт тарапына аттанды.

20150604_111621

Сол аудандардың бірі- кезінде Көкшетау облысына қараған өңіріміздің ең теріскей Ресеймен шекаралас  бөлігінде орналасқан аудандарының бірі Ақжар ауданында қазіргі уақытта ел игілігіне 10 мешіт,   11 намазхана қызмет (16 имамда ҚМДБ-ның бұйрығы бар) атқаруда. Қыстың қақаған борандарында, қар суымен жаңбыр суының шамадан тыс көптігінен аудандағы кейбір ауылдар тікелей қатынайтын жолдар бұзылып халықтың аудан орталығына  қатынауы қиындаған, сол себепті көп жағдайда шалғай ауылдарда уағыз-насихат жұмыстары сирек жүргізілетін. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатын аудандық «Үлкен-Қарой» мешіттің Бас имамы Тұрлыбеков Азамат имамның ұсынысымен Байтөс, Кеңащы, Бостан ауылдарына барып, ауыл тұрғындарына уағыз айтылды.

20150604_105518

Уағыз-насихат жұмысының екінші күні аудан орталығы Талшық ауылында аудан деңгейіндегі имам молдалармен жәргілікті жамағатпен кездесу болды.

20150603_162258

Екі күндік уағыз насихат барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер:

  • Оразаға байланысты мәселелерді кеңінен қамту, сұрақтарға жауап беру.
  • ҚМДБ ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үндеуімен таныстыру.
  • Еліміздегі діни оқу орындарға шәкірттер жинау.

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы

ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ

Return to Top ▲Return to Top ▲