ҚМДБ-ның оқу ағарту ісі бойынша «Имамдардың тәжірибе алмасу» мақсатында келген Шымкент қаласы орталық мешітінің бас имамының орынбасары Естеміров Мұхамеджан Жамантайұлы бүгін «Қызылжар орталық мешітінде» жергілікті «Қызылжар» телеарнасының «Руханият» бағдарламасының жүргізушісіне сұқбат берді.
Онда журналист пен имамның сұхбаты әдептілік негізінде өрбіді. Тақырыпқа арқау болған сәлем беру әдебі, бата алу, ата ананы құрметтеу әдебі, дұға ету әдебі, тамақтану әдебі туралы қойылған сұрақтарға дін мен дәстүрді тоғыстыра отырып салмақты жауап берген имамға тележүргізуші өз алғысын білдірді.
Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі