Қызылжар қаласындағы Жастар сарайында өткен рухани мәуліт кешінде «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Айтуған Тойбазарға қызметтік пәтер кілті табысталды. Бұл жалпы зекет қорының есебінен беріліп жатқан 686-шы баспана.
Сонымен қатар, ғибратты кешті өткізу барысында өңірлік мешіт имамдарының және басқа демеушілердің қолдауымен Айыртау ауданы Карасевка ауылының молдасы Әубәкіров Еділге, түрік диаспорасының өкілі Акапова Махаббатқа және тәжік диаспорасының өкілі Амиршоев Джурабекке Умра қажылығына жолдама берілді.
Сауапты іске жұмылған демеушілер науқас балаларды да назардан тыс қалдырмады. Зекет қорына жиналған қаржыдан Тукаев Алишердің ота жасатуына 1,5 млн ақшалай көмек аударылды.
Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі