Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» орталық мешітінің жастар ісі секторының ұйымдастыруымен әз-Наурыз мейрамын жастар арасында жылдағы үрдіс бойынша жоғары деңгейде аталып өтті.

Облыстық қазақ күрес мектебінде өткізілген жарысқа қырыққа жуық палуандар сайысқа түсіп екі салмақ бойынша қазақ күресінен тамаша жарыс көрсетті. Жарысқа «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы және жастар ісі секторының меңгерушісі Аян Алыпқашев, облыс деңгейдегі қазақ күресінең аға жаттықтырушы Жетпісбаев Төлеген, қазақ мектебінің директорларымен орынбасарлары қатысты. Жарыс алдында сөз алған жастар ісі секторының меңгерушісі Наурыз мейрамымен құттықтап палуандарға сәттілік тіледі.
Жарыс соңында жеңімпаз палуандарға жүлделі орындараға сыйақымен естелік сыйлықтар табысталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲