Рухани келісім күніне орай дінаралық дөнгелек үстел өтті

СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылдық кітапханасында «Рухани келісім күніне» орай дінаралық дөнгелек үстел өтті. Бұл шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер, дін өкілдері және ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.

Шара барысында шақырылған қонақтарға діни бейнеролик көрсетіліп, баяндамалар жасалды. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның СҚО, Қызылжар ауданы бойынша бас имамы Қадырбек Қуанышұлы Шарипов «Ислам бейбітшілік діні» атты екі тілде баяндама жасады.

Естеріңізге сала кетейік, бір ғасыр бұрын тарихта дәл осы күні, АҚШ-тың Чикаго қаласында осындай съезді шақыруға талпыныс жасалынып, алайда  бұл әрекет сәтсіз аяқталған еді. Ал қазақ елінде 1992 жылдан бері аталып келеді. Бұндай діни шара ешбір мемлекетте аталып өткен емес. Бұл мереке еліміздін ынтымағын нығайта түсетіні сөзсіз.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Return to Top ▲Return to Top ▲