«Бейбiтшiлiк пен жасампаздықтың 25 жылы»

Осындай атпен Петропавл қаласында 2016 жылғы 18 қазанда СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйiнде Рухани келiсiм күнiне арналған қалалық ғылыми-практикалық конференция өттi.

Конференцияға қалалық мәслихат депутаттары, дәстүрлi конфессиялардың, этномәдени орталықтардың, жастар ұйымдарының өкiлдерi, еңбек ардагерлерi, оқу орындарының студенттерi мен оқушылары, БАҚ өкiлдерi қатысты.

«Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы А.А.Сәрсенов, Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстiк Қазақстандағы меңгерушiсi Н.К. Сәлiмов, «Нұр» қалалық мешiтiнiң имамы Ә.Б. Жәпiшев, Әулие апостолдар Петр мен Павел соборының настоятелi С.В. Снопков, «Святая Троица» Рим-католик храмының настоятелi Т. Якубчак, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрайымы С.В. Тасеменова, № 17 орта мектеп директоры Л.Ж. Жалмұқанова, Солтүстiк Қазақстан облысындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесi Абылайхан Қайроллаев конференцияның бас спикерлерi болды.

Конференцияға қатысушылар үндеуiнiң мәтiнiн химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң» 10 «А» сынып оқушысы Межгона Нұралиева оқыды.

Return to Top ▲Return to Top ▲