РАНТ мүшелері – Қызылжарда

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен иман негіздерін талқылауға арналған семинар өтті. Оған Республикалық ақпараттық-насихат тобының екі мүшесі арнайы келді. Семинарды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы кіріспе сөзбен ашты.

Семинардың бірінші бөлігін «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы өткізді. Оның әңгімесі ақида мәселесіне арналды. Мұсылманның сенім мәселесін қарастыратын бұл ілім туралы молынан айтылды. Семинарға қатысқан аудандық мешіттердің бас имамдары мен ауыл молдалары бұл мәселеге қатысты сұрақтарын қойып, семинардың тартымдылығын арттыра түсті.

Түстен кейін семинар жалғасын тапты. Онда ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы, «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы әңгіме өткізді. Шариғатты зерттейтін ілім – «Фиқһ» мәселесі онда терең түсіндірілді. Семинарға қатысушылармен әңгімелесу түрінде өткізілген кездесудің пайдасы басым болды.

«Қазақстан-Петропавл» телеарнасы бұл семинар туралы сюжет түсірді. Атап айтқанда,  «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы аталмыш басқосудың мән-маңызы туралы сұхбат берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc01904 dsc01906 dsc01918 dsc01900 img-20170124-wa0025 img-20170124-wa0029 dsc01892

Return to Top ▲Return to Top ▲