Пасханың құрметіне діни кездесу

2015 жылғы 5 сәуiрде «Святая Троица» Рим-католик приходында католик Пасхасын мерекелеуге арналған дiни бiрлестiктер өкiлдерiнiң кездесуi болып өттi.

Католиктердi дiни мейрамымен құттықтауға «Қызылжар» орталық мешiтiнiң наиб имамы Аян Алыпқашев, Петропавл және Булаев епархиясының хатшысы Сергей Первушин, иерей Артемий Краснощек келдi.

Қонақтарды «Святая Троица» Рим-католик приходы» дiни бiрлестiгi настоятелiнiң м.а. Томаш Якубчак әкей мен настоятельдiң викар көмекшiсi Бугара Кшиштоф Ян қарсы алды.

Кездесу барысында дiни бiрлестiк өкiлдерi католик ширкеуiнiң залдарын аралады, қауым мүшелерiне естелiк ескерткiштер — кiтаптар табыстады, сонан соң мерекелiк дастарқан басында Пасханы атап өту дәстүрi, басқа дiни мерекелердiң қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық диалогты, бейбiтшiлiк пен келiсiмдi дамыту мен нығайтудағы рөлi туралы сұхбат құрды.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲