«Шағбанның ортасында бір түн құлшылық қылыңдар», деп басталатын хадисте (Ибн Мажә, Иқама, 191) тұспалдап көрсетілген Бараат түні Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» мешітінде де аталып өтілді. Бұл шараға осы мешіттің «Әжелер мектебінің» өкілдері қатысты.
Алдымен әдеттегідей Құран оқылды. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Алыпқашев күнәдан арылтатын, ризықты арттыратын Бараат түні туралы уағыз айтты.
Жиын соңында ас берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі