Елбасының Жарлығымен қазақ халқы үшін ұлық мейрам Наурыз тойы елімізде үш күн тойланады. Осы мереке күндерінде «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының бастамасымен «Нұр шашқан Наурыз» атты тақырыпта түрлі шаралар ұйымдастырылды. Алдымен мереке қарсаныңда бас имам Кенжетай қажы Дүйсенбай Қазақстан ұлттық арнасының облыстық филиалының «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат беріп, Наурыз тойының ел бірлігін нығайтуға өзіндік ықпалы жөнінде әңгімеледі. Сондай ақ, облыстың бас имамы Наурыз мерекесін тойлауда шариғатқа қайшы келетін тұстардың жоқтығын көрерменге түсіндіріп берді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік бағдарламасына «Қызылжар» орталық мешітінің шәкірт әжелері арнайы шақырылып, қазақ халқының ұлтттық құндылықтарын насихаттады. Олар кеш қонақтарына еліміздің тұсау кесер рәсімінің тәртібін түсінідіріп және осы дәстүрді сахнада көрсетті. «Қызылжар» орталық мешіті мерекеге орай Наурыз көже мен бауырсақ дайындап, мерекеге қатысқан барлық этно мәдени орталық мүшелеріне дәмін татқызды.
Ал, мейрамның екінші күнінде жалпы жастар ісі бөлімі мешіт жамағатынан құралған командалар арасында спартакиада ұйымдастырды. Жарысқа қатысушылар арқан тартып, асық атып, аударыспақ секілді спорттық шаралардан сынға түсті. «Жас қыран» командасы өздерінің білекті екендіктерін дәлелдеп, жарыстың жеңімпазы атанды. Барлық қатысушыларға «Қызылжар» орталық мешіті атынан сыйлықтар берілді. Соныңда мешіт жамағатына дастарқан жайылып, үстел басында Наурыз тойының қазақ халқы үшін өзіндік орны жайында әңгіме өрбіді.
Наурыздың 22-і күні мешітке келушілер үшін тағы да дастарқан жайылып, Наурыз көже ұсынылды. Осы күні 100 литр Наурыз дәмі және 30 кг. бауырсақ дайындылғанын да айта кеткен жөн.
«Қызылжар» орталық мешіті мұсылман елдері үшін жылдың басы, төл Жаңа жылымызды лайықты атап өтуге осылайша өзіндік үлес қосты.
СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.