«Нұр-Мүбәрактың» марапатын тапсырды

Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің биылығы түлектерінің бірі  – Ажар Батырова «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы. Осыдан бір апта бұрын осы қызметке қабылданған ол университетті ойдағыдай аяқтады. Осыған орай аталмыш оқу орны жақсы түлектің әкесі Бақыт Сыздықовты Алғыс хатпен марапаттады.

Жұма намазынан кейін, міне, осы марапат иесіне табыс етілді. Оны ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы тапсырып, алғысын білдірді.

dsc06239 dsc06241 dsc06245

«Қызылжар» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲