МҰСЫЛМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТАРИФ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Ағымдағы жылдың шілде айының соңында Татарстан мұсылмандары үшін ұялы байланысқа арналған тариф іске қосылады. Жаңа бастама республиканың Мұсылмандар діни басқармасы мен «Таттелеком» байланыс операторының бірлескен жобасы.

Татарстан мүфтиі Камиль Самигуллиның айтуынша, тариф белгілі татар ислам ағартушысы Шигабутдин Марджанидың 200 жылдығына арналған. Сим-карта дизайнына да дін ғалымының бейнесі қолданылған. Жобаға сәйкес, аталмыш тарифті қолданушыға намаз уақыты туралы ескертпе келіп отырады.

Сонымен қатар, күн сайын Құран Аяттары мен пайғамбар хадистері де келеді. Бұдан бөлек, абонент Сауд Арабиясы қажылыққа кеткен жақын, туыстарына арзан бағада қоңырау шала алады.

Ал, бұған дейін «Таттелеком» мен ТМДБ арасында мұсылман қауымына арналған тариф жоспары мен «Азан» мұсылмандар радиосын қосу туралы келісім жасалған болатын. Сондай-ақ, жыл соңында татар және орыс тілінде хабар тарататын «Хузур ТВ» мұсылман телеарнасын қосу жоспарланған.

muslim.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲