Мүсірепов ауданында Мәуліт өтті

Жаңа жылдың ар жақ-бер жағында басталған Мәуліт әлі де жалғасын табуда. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда Мәуліт мәдениет үйінде өткізілді. Онда алдымен «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары – Айбек Сайдалин аят оқыса, Қанат Мұстафин ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамының атынан құттықтады.

Аудандық «Жұманқожа» мешітінің бас имамы Сейфолла Байсенбаев Мәуліт оқыды. Бұл шарада мектеп оқушылары сахналық көрініс қойып, өлеңдер оқыса, Мәдениет үйінің өнерпаздары да ән мен жырға кезек берді.

Ауданда дінді дамытуға үлес қосып жүрген белсенділерге Алғыс хаттар тапсырылды. Бұл шараны ақын Арман Бердалин қорытындылады.

Ал Мәуліт асы барысында «Қызылжар» мешітінің наиб имамы Қанат Мұстафин  уағыз айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20170313-wa0001 img-20170313-wa0003 img-20170313-wa0005

Return to Top ▲Return to Top ▲