Мүгедек жандарға көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  қайырымдылық  жасау туралы тапсырмасына орай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы «Сейдахмет хазрет» мешітінің ұйымдастыруымен «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты қайырымдылық акциясы өтті. «Сейдахмет хазрет» мешітінің найб имамы С.Абдазов мүгедек балаларды бейімдеу орталығына барып, тұрмысы төмен отбасылардан 5 балаға арнайы мешіт тарапынан тәттілер мен жазу құралдарын табыс етті. Игі іс соңында ата-аналар мешіт қызметкерлеріне көмектері үшін алғыстарын айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

475754 475754545

Return to Top ▲Return to Top ▲