27 ақпан Уалихан ауданының орталығы Кішкенекөл селосының мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.)ның  Мәуліт тойы өтті. Бұл игі шараға арнайы КМДБ-ның СКО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы, Қызылжар ауданы, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Жәпішев Әбілхан қажы, «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Мұхаммад Кутуб қатысты. Мереке құран оқумен басталып, аудан әкімі Төрегельдин Аман Жақсыбайұлы келген меймандарды мәуліт мерекесімен құттықтап, облыс имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен уағыз айтып, жамағаттың көнілінен шықты. Мұхаммад-Кутуб Пайғамбарымызға(с.ғ.с.)  салауат оқыды. Мереке дін туралы өлен –термелерден, концерттік бағдарламамен жалғасты. Мейрам соңында Жолдасбай –АГРО және Кашаев К.Ә. демеушілігімен  «Қожахмет хазрет» мешітінде ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

IMG_5618 IMG_5615 IMG_5613 IMG_5608

Return to Top ▲Return to Top ▲