МҮГЕДЕКТЕР АРБАСЫН СЫЙЛАДЫ

Алла Тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде «Қайырымдылық —жақсы қасиет» деген екен (хадисті Әбу Һүрайрадан (р.а.) имам Мүслім жеткізген). Жақында «Нұр» мешіті Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде тұратын Батырашов Наил Қадырұлына мүгедектер арбасын сыйлады. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын ол бұл көмекке дән риза екенін жеткізді. Енді үй ішінде де, сыртта да қалаған жеріне арбамен лезде барып келеді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲