МЕШІТ КӨМЕГІ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Уәлиханов аудандық мешіті облыс орталығына осындағы жетім, тұрмысы төмен отбасының балалары үшін киім кешек жеткізді. Бұл алғашқы көмек емес, бұған дейін де олар бірнеше мәрте қайырымдылық шараларын ұйымдастырған еді.  Бұл жолы  Ж. Сарсенбаев, М. Аманжолов, А. Дананов, К. Ысқақов, тағы басқа аудан кәсіпкерлері мешіт тарапынан жасалған бастаманы қолдап, жергілікті дүкендерден 300 мың теңгенің бұйымдарын  Алла үйіне жеткізді.  «Қожа Ахмет Хазрет» мешітінің алқа мүшелері Дәуренбек Ғалымов, Қайыргелді Смағұлов, тағы басқаларының сауапты істің басы-қасында жүргенін де айта кеткен жөн.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG_4116 IMG_4113

Return to Top ▲Return to Top ▲